Денсаулық

Бойжеткеннің өлімі: Алматыда пластикалық хирург қамауға алынды

  • © ehonews.kz

    © ehonews.kz

Атышулы пластикалық хирург ақыры қамауға алынды! Дмитрий Писарев бұған дейін бір әйелге ота жасап, өлтіріп алған болатын. Сот кінәлі деп тапса да, сол жолы темір тордан тез құтылған дәрігер енді екінші адамның өліміне кінәлі деп айыпталып жатыр.


«Эйр Астананың» бортсерігі Лаура Ізбасарова оған төсін тартқызғысы келген. Қыздың қазасынан соң сот дәрігерді біржолата лицензиясынан айырған екен. Бірақ соған қарамастан, Писарев бүгінге дейін шымкенттік қыз-келіншектерге ота жасап жүріпті.


Лаура Ізбасарова «Эйр Астананың» 6 тілде сөйлейтін ең белді бортқызметкері болған. Сұлу бойжеткен былтыр қазанда пластикалық ота кезінде көз жұмды. Содан бері анасының әділдік сұрап, бармаған жері жоқ.


Дамира Алдамжарова, марқұм Л. Ізбасарованың анасы:


- Ешнәрсе болған жоқ. Маған тергеуші де жоқ. Ешнәрсе деген жоқ. Яғни тергеу болған жоқ. Менің сұрайтыным, тек заңды түрде жазасын алсын. Ол қаншама адамның өмірін қияды. Мен ұқсаған аналар жылап қалмасын деп шырылдап жүрмін.


«Эйр Астана» бортсерігінің өлімінен соң сот атышулы хирургті лицензиясынан айырған. Әрі тергеу аяқталғанша қаладан кетуіне тыйым салыпты. Бірақ соған қарамастан Дмитрий Писарев Шымкент асқан. Сөйтіп, сүйікті ісін сонда жалғастырған. Тіпті, шетелде демалып қайтыпты. Шымкенттік қыз-келіншектердің қас-көзін түзеген хирург суреттерін оңды-солды әлеуметтік желіде салып жүр.


Соңғы отасын небәрі 5 күн бұрын жасаған екен. Яғни, әйелдің ернін үлкейтіп, тігіп берген. Осылайша, он ай бойы тайрандаған дәрігерді тергеушілер ақыры Алматыға қайтарды.


Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:


- Аталмыш дәрігер қамауға алынған болатын. Сот алды тергеу барысында ол бұлтратпау шарасы ретінде қамалды. Алғашында ол екі айға қамалады. Содан соң ұзартылуы мүмкін.


Лаура Ізбасарованың өліміне жекеменшік клиника да жауап беруі тиіс деп есептейді қара жамылған отбасының адвокаты. Айтуынша, жанжалдан соң клиника жабылмаған. Тек атауын ғана өзгертіп қойыпты.


Сұңқар Нұрмағамбетов, адвокат:


- Марқұм Лаура Ізбасарова ота жасатқан «Нова» клиникасы басшылығының да жауапкершілігі қарастырылып жатыр. Соған орай, бірнеше сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша медициналық мекеме қожайыны да сотқа шақыртылады.


Дмитрий Писарев бұған дейін де бір келіншекке ота жасап, соңы қайғылы аяқталған. Дана Агамырданова оған артық майын алдырту үшін Украинадан арнайы келіп, мәйітханадан бір-ақ шыққан болатын. Сот хирургті тек екі жылдан соң кінәлі деп тапты. Десе де, істің ескіруіне байланысты артынша сот залынан босатып қоя берді. Темір тордан оңай құтылған хирургтің енді бұл жолы кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырыуы мүмкін.


 




Көрілген: 887    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 16:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30