Денсаулық

Біртанов ауру жұқтырған алматылық ақ халаттылардың үндеуіне жауап берді

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы орталық ауруханасының ақ халаттыларымен онлайн режимде кездесіп, медицина қызметкерлерінде туындаған сұрақтардың барлығын тыңдап, жауап бергені жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Біртанов Facebook парақшасында оңтүстік астанадағы коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне тиісті өтемақы төлеуді реттеу үшін комиссия құруды тапсырғанын айтты.

 

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық әкімдіктің комиссия құруға құзыреті жеткілікті. Ол комиссияның шешімі өтемақы төлеу бойынша негіздеме бола алады. Қажетті қадамдардың алгоритмі мен арнайы комиссия құрамын тағы да еске салды.

 

"Кешкісін осы аурухананың ақ халаттыларымен әңгімелестік. Мекеме қызметкерлері өтемақы төлеуге қатысты әсерлі жазба қалдырған, жазбада медицина мамандарының жұмыс уақытында ауру жұқтырғаны туралы, науқастардан індет жұқтырғаны жайлы айтылған. Соған орай аурухана қызметкерлеріне өтемақы төленеді. Біз үндеудің әр тармағын жеке-жеке талдадық",– деп жазды министр.

 

Министр арнайы комиссияға қатысу үшін қоғам белсенділері мен журналистерді шақырды. Ол карантинде отырған медицина қызметкерлері табысынан айырылмауы тиіс екенін айтты.

 

Одан бөлек, Біртанов қорғаныс костюмдерінің жетіспеушілігі мәселесіне қатысты жоспарланған тексеріс туралы мәлімдеді.

 

"Құрметті әріптестер-ақ халаттылар, комиссия шешімдерінің нәтижесі шыққанша, сабыр сақтауларыңызды сұраймын, сіздер карантинде ем қабылдап жатырсыздар. Денсаулықтарыңызды күтіп, сақтық шараларының барлығын тиісінше қолданыңыздар! Сіздер елге қажетсіздер!",– деді Елжан Біртанов.

 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 13:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31