Денсаулық

Бүгіннен бастап медицина қызметкерлеріне коронавирусқа байланысты үстемеақы төленбейді

  • https://kaz.elorda.info/

    https://kaz.elorda.info/

Бүгіннен, яғни 1 қазаннан бастап қазақстандық медицина қызметкерлеріне Covid-19-бен күреске байланысты үстеме ақы төленбейді, деп хабарлайды Elorda.info.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлер мен аяжандарға төленетін үстемеақының уақытша шара екенін шілдеде айтқан-ды. Вакцинациялау деңгейі өскен сайын елдегі үстемеақы да қысқарып, оның орнын психикалық және физикалық жүктеме үшін берілетін тұрақты төлемдер ауыстыратынын жеткізген. Тамыз айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирусқа қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қаржылай қолдауды реттейтін бұйрығы күшіне енді.

 

Естеріңізге сала кетсек, 1 тамыздан бастап 1 қазанға дейін медқызметкерлерге берілетін үстемеақы екі есе қысқарған болатын:

 

бірінші қатер тобы (өте қауіпті) үшін – 425 мың теңгеге дейін (1 тамызға дейін 850 мың теңгеге дейін төлейтін);

 

екінші қатер тобы (қауіптілігі жоғары) үшін – 212 500 теңгеге дейін (1 тамызға дейін 425 мың теңгеге дейін төлейтін);

 

үшінші қатер тобы (қауіптілігі орташа) үшін – 106 250 теңгеге дейін (1 тамызға дейін 212 500 теңгеге дейін төлейтін);

 

Медқызметкерлерді коронавирус кезінде қаржылық қолдау 2020 жылғы сәуірде басталған-ды.




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 18:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31