Денсаулық

Бұрынғылар соғым жегенде құрт езіп ішкен

  • Бұрынғылар соғым жегенде құрт езіп ішкен

    Бұрынғылар соғым жегенде құрт езіп ішкен

Адам күніне өзінің бойы мен салмағына сәйкес белгілі бір мөлшерде су ішу керек дегенді айтып жатады. Себебі судың адамға пайдасы өте зор.

Ғалымдардың зерттеуінше, суды жеткілікті мөлшерде тұтыну демікпе, аллергия, артрит сынды ауруларға шипа болып, мидың жұмысын жақсартатын көрінеді. Сонымен қатар ұйқыдан тұрған бойда қайнаған жылы су ішуді дағдыға айналдырса ішектерді тазалауға, асқазанның жұмыс істеу қабілетінің жақсаруына да пайдалы деседі. Десе де су ішудің өзіндік тәртібі бар көрінеді.

Атап айтар болсақ, суды тамақтанып отырғанда емес, тамаққа дейін жарты сағат бұрын немесе тамақтанып болғаннан кейін біраз уақыттан соң ішу керек екен. Тамақтанып отырып су ішсе, асқазанда асты қорыту үшін арнайы бөлінетін сөл сумен араласып, жеген тамақ дұрыс қорытылмай қалатын көрінеді.

Сондай-ақ суды түрегеп емес, отырып ішкен жөн. Дегенмен көп адам мұны ескере бермейді. Бұл туралы тіпті шариғатта да айтыл­ған. Ғалымдар отырған адам мен түрегеп тұрған адамның асқазаны екі түрлі күйде болатынын анықтаған. Егер адам суды тікесінен тік тұрып ішсе, су асқазанда тұрақтамай, бірден он екі елі ішекке барады. Ал отырып ішсе асқазанға түскен сұйықтық алдымен қышқылдармен әрекеттесіп, түрлі микробтардың теріс әсеріне тосқауыл қояды да, содан соң ғана он екі елі ішекке барады екен. Бұл көптеген аурулардың алдын алуға себепші бола алады.

Тағы бір ереже &ndash суды ұйықтар алдында, сонымен қатар нормадан тыс ішуге болмайды екен. Оған қоса екі рет қайнатылған суды да тұтынбаған жөн деседі. Бұл кезде судың адамға пайдасынан гөрі, зияны көбірек бола түседі екен.

«Ютуб» желісінде дәрігер Болатхан Серікбол су ішудің тағы бір тәртібін түсіндіреді. Ол сол арқылы қанның қоюлануының алдын алуға болатынын айтады. Ол былай дейді:

«Медицинада жиі айтылатын тақырыптардың бірі &ndash қан қоюлығы. Ғаламтор беттерінде  «қан қойылғанда 2 &ndash 2,5 литр су ішу керек» деген Еуропаның методикасын айтады. Мен осы тақырып төңірегінде ой бөліскім келіп отыр.

Қан қоюлығы тұзды көп тұтынудың, қою шай ішудің, алкогольді өнімдерді көп пайдаланудың, дененің ұзақ уақыт қозғалыста болмауының, бір сөзбен айтқанда салауатты өмір салтын сақтанбаудың нәтижесінде пайда болады. Маған  кей адамдар: «Біз спорт залға барып тұрамыз, бірақ неге қанымыз қою?» &ndash  деген сұрақты жиі қояды.

Біз қыста соғым жейміз, етті көп пайдаланамыз. Тұздалған соғым етін жегеннен кейін адамның ішін ыстық алады  да, қан қоюланады. Бұрын ата-бабаларымыз осыдан қалай сақтанған? Қан қоюлануының алдын алу үшін олар еттен кейін жарты сағат-бір сағаттан соң қатық ішкен, құртты езіп ішкен. Қыстай соғым етін жеген соң жаздай қымыз, шұбат, айран секілді ағарғандарды тұтынған. Бұл ыстық-суықты теңестіру процесін атқарып отырған.

Бірақ бүгінгі таңда бұған көп адамның мүмкіндігі жоқ. Ол үшін ауылға бару керек, шаруалар бар, бала-шағаны асырау керек дегендей оған екінің бірінің жағдайы келе бермейді.

Содан соң көк шайды да бей-берекет іше беруге болмайды. Оны көп пайдалансаңыз асқазаныңызды жел алып кетеді, асқазанды жел алған соң өттің жұмысы дұрыс болмайды да, қан қоюланып кетеді. Бұл &ndash бір. Екіншіден &ndash асқазанның күші әлсірейді. Оның күші әлсіреген кезде ол қанның тұнуына, энергетикалық айналымның тосылуына әкеп соғады. Мұның арты жақсылыққа апармайды.

Сондықтан ас ішкенде оның ыстықтығы адамның дене температурасынан, яғни 36-37 С-тан жоғары болу керек. Олай болмаған жағдайда адамның денесіне шабуылдайтын суық энергиялар асқазанға кіреді, табаннан өтеді. Табаннан өткен суық бір жерде тоқтамайды, ол үздіксіз жоғары қарай өрлей береді. Тізені, белді, одан кейін бүйректі алады. Суық энергия денеге енгеннен кейін бірінші күшіңізді әлсіретеді. Адамның энергетикалық күші әлсіреген соң ол қанның тұнуына, қоюлануына әкеп соғады. Қазір көптеген жастарымыз жаздыгүні кіндігін, белін ашып алады, ол суық та бір жерде тұрмайды, ол да үздіксіз ішке қарай өрлей береді.

Өзім білетін адамдарың 2-3-еуі қан қоюлығынан бақилық болды. Сондықтан бұл нәрсеге салғырт қарамау керек.

Мен адам күніне 2-2,5 емес, 1-1,5 литр су ішсе болады деп есептеймін. Бірақ оны қалай ішу керек? Бұрындары әжелеріміз жаздың ыстығында да ешқашан мұздай су ішкізбеген. Ыстық кезде де ыстық шай құйып беретін. Суды да сол негізде ішу керек. Жаңағы айтқандай, адамның дене температурасы 36-37 С болса, судың жылылығы содан жоғары болу керек. Бөлме температурасының өзі 25 С градустың айналасында ғана. Су одан ыстық болу керек. Оны ауыз күйер-күймес етіп ішкенде ғана асқазанды жел алмайды. Мұның арты қанның қоюлануына әкеп соқпайды».

&hellipДәрігер осылай дейді. Мұны да біле жүргеннің зияны жоқ.

М. ЫБЫРАЙ.

zamana.kz




Көрілген: 5453    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 13:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31