4 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта:
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта:
Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта:
Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.