COVID-19 инфекциясына шалдыққан 11 адамның жағдайы ауыр

14 мамыр 2022, 10:45

Коронавирус инфекциясымен ауруханада жатқан 11 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

14 мамырдағы мәлімет бойынша елде коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан сырқат саны - 561. Оның 51-і стационарда, 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Ведомствоаралық комиссия мәліметінше, 11 адамның жағдайы ауыр, 2 науқасқа өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.

Айта кетейік, өткен тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды.

Коронавирусқа қарсы екпе салдыру жалғасып жатыр.