Денсаулық

Дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқан дәріханаларға айыппұл салынады

  • © 56orb.ru

    © 56orb.ru

Нұр-Сұлтанда дәрілік заттарды рецептісіз босатудың зардаптары түсіндірілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.


Қазіргі кезде Қазақстанда дәрілік заттардың 7792 атауы тіркелген. Олардың 6033-і, яғни 77 пайызы дәрігердің рецептімен, қалған 1759-ы рецептсіз босатылады. Бұдан бұрын дәрі-дәрмек саудадағы атау бойынша босатылса, қазір халықаралық атау бойынша рецепт арқылы науқасқа беріледі.


«Рецепт бойынша микробқа қарсы және гормоналдық препараттар, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар дәрілік заттар, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейтін дәрі-дәрмек, асқазан-ішек жолдарын емдейтін дәрілер босатылады. Әртүрлі дәрумендерге, мұрынға арналған тамшыларға, сироптарға, шөптен жасалған шайға және шөптік жиындарға рецепт керек жоқ», - деді дәрілік заттардың саудасына арналған баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Ералы Нұрғазин.


Елордадағы №9 емхананың бас дәрігері Сәуле Смағұлованың айтуынша, дәрігердің бақылауынсыз, яғни рецептісіз дәрі сатып алып, үйде өздігінен емделудің үлкен қаупі бар.


«Бүгінгі күні науқастар бактерияға қарсы, яғни антибиотиктерді көп қолданады. Оларды дәріханаларда рецептпен босату керек. Себебі, бактерияға қарсы препарат – химиялық зат. Егер оны дұрыс қолданбаса, онда одан денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көп тиеді», - дейді С.Смағұлова.


Оның сөзінше, дәрігер науқасты тексерген соң, оған тағайындалатын дәрінің дозасын айтып, дәріні қабылдаудың уақытын көрсетеді. Ал пациент өздігінен еш бақылаусыз дәрі қабылдаса, бүйрек, жүрек, бауыр, жүйке жүйесіне зақым келтіріп алуы мүмкін.


Бүгіндері дәріханалар рецепттерді, оның ішінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған рецепттерді 3 жыл сақтау керек. Ал егер рецептісіз сататын болса, 130-1000 АЕК (328 мың теңгеден 2,5 теңгеге дейін) айыппұлға ілігеді. Ал рецептісіз дәріні босатқан фармацевтке салынатын айыппұл көлемі – 70-100 АЕК (176 мың теңгеден 252 мың теңгеге дейін).


 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 13:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30