Денсаулық

Дәрі-дәрмекті тек дәрігердің рұқсатымен ішу керек - фармаколог

  • Дәрі-дәрмекті тек дәрігердің рұқсатымен ішу керек - фармаколог

    Дәрі-дәрмекті тек дәрігердің рұқсатымен ішу керек - фармаколог

 Дәрі-дәрмекті сараптау ұлттық орталығының клиникалық бас фармакологы, медицина ғылымдарының докторы Раиса Күзденбаева рецептісіз сатылатын дәрілердің қаупін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті, дәрі дәрмекті сараптау орталығы мен фармацевтика мамандары рецептісіз сатылатын препараттар жөнінде мәселе көтерді. «Біз рецепт тізімінде тұрған препараттардың тағайындалуын сөз етіп отырмыз. Біз дәрі-дәрмекті ұтымды әрі дұрыс пайдалануымыз керек. ДСҰ-ның рұқсаты бар препараттарды науқас адамдар клиникалық қажеттіліктеріне сәйкес қабылдаған кезде ғана қолдану қажет. Біз дұрыс диагноз қойып, дұрыс ем жүргізуіміз және науқасқа ішетін дәрінің мөлшерін анықтап беруіміз керек. Бүгінгі күні ең төменгі экономикалық шығындар да өте маңызды. Себебі, бізде тегін емделетін науқастардың контингенті бар. Мұның бәрі бағалануы керек», - деді клиникалық фармаколог Раиса Күзденбаева. Оның айтуынша, қазір елімізде арнайы тіркелген 8 мыңнан астам дәрі-дәрмек бар. «Бізде өзін-өзі емдейтіндер көп. Дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ, өздері диагноз қойып, дәрілерді өздері таңдап алады. Себебі, дәріханаларда дәрілер рецептісіз сатыла береді. Қазір антибиотиктер дәуірі жүріп тұр. Бұл - үлкен мәселе. Біз антибиотиктерге қарсы тұрдық. Десек те, әу баста қателіктер кетті. Біз дозаны сақтамадық, жас ерекшеліктеріне назар аудармадық, дұрыс емес препараттарды таңдадық», - деп атап өтті баяндамашы.


inform.kz




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 18:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31