Денсаулық

Дәрігер балаларда қандай жағдайда COVID-19 асқынатынын айтты

  • Фото:elements.envato.com

    Фото:elements.envato.com

Алматы Балалар клиникалық ауруханасының дәрігері Ғалия Құттықожанова қандай балаларда коронавирус асқынуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Ғалия Құттықожанованың айтуынша, балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда ауруға аса бейім емес және ол бір-бес пайыз аралығында. Вирус жұқтырған балалардың басым көпшілігі науқас ересектермен байланыста болған. Балалардың кем дегенде төрттен бірі инфекцияны симптомсыз өткізеді.

 

Маманның айтуынша, қосымша ауруы бар балаларда коронавирус асқынады.

 

"Аурудың асқынуына әкелетін факторлар: бір жасқа дейінгі балалар, дене салмағының жетіспеушілігі (30 пайыздан астам), рахит, темір тапшылығы анемиясы, бронх демікпесі, жүрек ақаулары, эндокриндік, бөліп шығару жүйелерінің патологиясы, метаболикалық синдромы бар гемоглобинопатиясы, онкологиялық аурулар, әртүрлі генездегі иммун тапшылығы жағдайлары, коинфекция (риносинцитиальды вирус, риновирус, бокавирус, аденовирус), бұл ауру ағымын ауырлатады және тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің зақымдалуына әкеледі", - деп түсіндірді Ғалия Құттықожанова.

 

Сонымен қатар, дәрігер баладан коронавирусты қалай байқауға болатынын айтты.

 

"Мына белгілерден түсінуге болады: дене қызуының көтерілуі, жөтел, миалгия, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі, тыныс алудың бұзылуы, бас ауруы (көбінесе үлкен балаларда), "ковидті" саусақтар (үсіген саусаққа ұқсайды), асқазан-ішек жолдарының зақымдану белгілері (іштің ауыруы, диарея, құсу) ересектерге қарағанда жиі кездеседі, дәм мен иіс сезудің бұзылуы және балаларда әлсіздік, летаргия болмауы мүмкін", - деді дәрігер.

 

Сондай-ақ, дәрігер ауру асқынғанда балаларда құрғақ жөтел, ентігу пайда болуы мүмкін екенін және тыныс алуы туздеп, қиындайтынын, жүрек соғуыны жиілеуі мүмкін екенін айтты.

 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 14:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31