Дәрігер COVID-19-дан да қауіпті эпидемия жайлы айтты

15 желтоқсан 2021, 10:45

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников COVID-19 пандемиясы уақытында бақылаудан шыққан аурудың қауіпі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Тележүргізуші қазір COVID-19 пандемиясы салдарынан қауіпті аурулардың көпшілігі екінші кезекте қалып қойғанын айтады. Ол Қытайдан шыққан құс тұмауы секілді аурулардың әлемге жайылғанын да қосып өтті. Дегенмен вирус таратушы жануарларды бақылау мүмкін болмай қалған.

"Құс тұмауының жаңа мутациясы пайда болса, бірден әрекет етіп немесе маска арқылы қорғана алатынымызға сенімсіздікпен қараймын. Ковид тарағанға дейін құс тұмауы эпидемиясы екі мутациядан кейін басталуы мүмкін екені айтылған. Яғни жаңа вирус құстан адамға өтіп, мутацияланып, әрі қарай тарайды. Сол кезде үлкен мәселеге тап боламыз. Ал қазір ковид бізді жаңа нәрсеге үйретті деп айта алмаймын", - деді дәрігер. 

Мясников бұл ауруды жұқтырғандар арасында өлім деңгейінің жоғары екенін айтады. Балалар арасында бұл көрсеткіш 53% -ға дейін жетеді. 

Бұған дейін Мясников омикроннан қорғанудың жалғыз жолы қайта вакциналау және қазіргі препараттардың тиімділігін арттыру екенін айтқан. Ол келесі мутацияның бұрынғы штамдарға қарағанда әлдеқайда қауіпті болатынын қосып өтті. Бұл – вирус эволюциясы үшін қалыпты жағдай.