Денсаулық

Дәрігер емделу үшін ит майын жеу мен шөп шегуге қатысты пікір білдірді

  • Дәрігер емделу үшін ит майын жеу мен шөп шегуге қатысты пікір білдірді

    Дәрігер емделу үшін ит майын жеу мен шөп шегуге қатысты пікір білдірді

Коронавирус пневмониясынан жазылу үшін халықтық емі көмектесе ме деген сұраққа медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтар аурудың алдын алу және емдеу тәсілі ретінде дәстүрлі емес тәсілдерге жүгінеді - ит етін жейді, шөп шегеді. Медициналық тұрғыдан бұл әдістер пневмония кезінде қаншалықты тиімді екенін түсіндіріп беріңізші?", - деді журналист.


Жоғары санатты пульмонолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова тек тексерілген әдістерге сену керегін айтты.

"Бізде бұл халық емінің тиімділігі дәлелденбеген, өйткені ешкім ешқашан бұл тағамның қаншалықты пайдалы екенін зерттемеген. Ешкім салыстыру жүргізген жоқ. Біз қарап отырған пациенттердің көп болуына байланысты, біреу осы халық әдістерін қолданғаннан сиқырлы әсер алды деп айта алмаймыз.

Біз жақсы, айтарлықтай айқын әсер байқамадық. Неліктен? Өйткені бұл нәрселерді қолданатын науқастар басқа, әдеттегі, фармакологиялық заттармен белсенді түрде емделеді. Тағы иммунитетке мән беру керек, себебі науқас оларды қабылдамай-ақ, өзі жазылып шығуы мүмкін еді. Яғни мұндай сынақтар жүргізілген жоқ. Біз медицинаға тек дәлелмен қарауға үйренген адамдармыз. Бұған дәлел жоқ, сондықтан қандай да бір әдістерді кеңінен жарнамалай алмаймыз", - деді Наталья Латыпова.




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 21:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31