Денсаулық

Дәрігер жаңа омикрон-штамын жұқтырғандар қалай ауырып жатқанын айтты

  • Дәрігер жаңа омикрон-штамын жұқтырғандар қалай ауырып жатқанын айтты

    Дәрігер жаңа омикрон-штамын жұқтырғандар қалай ауырып жатқанын айтты

Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Унбен Пиллэй NBC New York телеарнасына коронавирустың омикрон штамын жұқтырғандарда байқалған белгілер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Оңтүстік Африкада COVID-19 жағдайларының күрт өсуі байқалады, бұл коронавирустың жаңа штамымен байланысты, бірақ ауру әлі де жеңіл түрде көрінеді.

"Кейінгі 10 күнде біз жұқтыру жағдайларының күрт өскенін байқап отырмыз. Осы уақытқа дейін бұл өте жеңіл жағдайлар болды, пациенттерде тұмауға ұқсас белгілер болды: құрғақ жөтел, дене қызуы, түнгі терлеу, дененің қатты ауыруы", - деді доктор.
 
Пиллэй пациенттердің көпшілігі үйде емделгенін атап өтті. Вакциналанғандар ауруды әлдеқайда жақсы қабылдайды. Дәрігерлер әлі ауруханаға жатқызу деректерінің саны айтарлықтай өсті деуге келмейтінін айтты.

"Бірақ бұл тек бастамасы. Ауруханаға жатқызу көбінесе расталған жағдайлардың көбеюінен бірнеше күн өткен соң пайда болады", - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Оңтүстік Африка дәрігері Анжелик Кутзей бастапқы кезеңде омикрон штамының белгілері коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше екенін айтқан. Оның айтуынша, пациенттерде "қатты шаршау сезімі" бар. Бұл жағдайда пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс жоғалмапты.

Сонымен қатар, коронавирустың жаңа нұсқасы кем дегенде 20 елде табылып үлгерді және олардың саны артуы мүмкін.

Омикрон штамы бүкіл әлемде Оңтүстік Африка ғалымдары оны тапқанға дейін бір аптадан астам уақыт бұрын тарала бастаған. Содан бері көптеген ел Оңтүстік Африкаға сапарлауға тыйым салды.

Алайда ДДСҰ халықаралық сапарларға толық тыйым салу коронавирустың таралуын тоқтатпайды деп санайды.

Жаңа штамм қолданыстағы вакциналардың қорғанысын бұзып өте алады деген қорқыныш бар. Бір күн бұрын Moderna бас директоры Стефан Бансель қазіргі қолда бар екпелердің омикронға қарсы тиімділігіне күмән келтірген. Оның айтуынша, жаңа вакциналар жасау үшін бірнеше ай қажет болады.




Көрілген: 1460    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 08:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31