Денсаулық

Дәрігер қандай нан денсаулыққа зиян екенін айтты

  • Дәрігер қандай нан денсаулыққа зиян екенін айтты

    Дәрігер қандай нан денсаулыққа зиян екенін айтты

Дәрігер-диетолог Елена Соломатина нан сатып аларда, өнімнің құрамына жіті назар аударуға кеңес берді.


Айтуынша, нан құрамы неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы. Нан құрамы ұн, су және тұздан ғана тұруы тиіс. Алайда наубайханашылардың дені мұнымен шектелмейді, деп хабарлайды "Российская газета".


Сондай-ақ, Соломатина қара нанның ерекше пайдасын атап өтті. Наның бұл түрі дәрумендер мен амин қышқылына бай екен. Оның үстіне қара нанның калориясы аз.


Десе де, диетологтың сөзінше, дүкен сөрелерінен нағыз қара нанды табудың өзі мұң. Әдетте, сауда орындарында сатылатын өнімнің құрамында қарабидай ұны өте аз болады.


"Наубайханашылар бидай ұны мен бояғыштарды пайдаланады. Қарабидай ұны атымен жоқ", - дейді дәрігер.


Сарапшы нан сатып аларда, өнім құрамына баса назар аударуға кеңес берді. Әсіресе, тізімнің басындағы ингредиенттерге ерекше мән беру керек екен. Ал соңғы жолақта аз-маз қосылған қоспалардың атауы көрсетіледі.


sputniknews.kz


 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.10.2019, 18:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31