Денсаулық

Дәрігер коронавирус кезінде дәрумендер қабылдаудың қаупі туралы айтты

  • Дәрігер коронавирус кезінде дәрумендер қабылдаудың қаупі туралы айтты

    Дәрігер коронавирус кезінде дәрумендер қабылдаудың қаупі туралы айтты

Ресейлік дәрігер, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Николай Малышев коронавирус кезінде дәрумендер қабылдаудың қаупін ескертті деп хабарлайды lenta.ru. 

Медицина маманының сөзінше, коронавирус кезінде дәрумендер қабылдау асқынуларға әкелуі ықтимал. Малышев витамин қабылдамас бұрын дәрігерлермен кеңесуге шақырды. Одан бөлек, кейбір дәрумендерді шамадан тыс қабылдау қауіпті екенін де алға тартты. Егер жүкті әйел шектеусіз мөлшерде С дәруменін ішсе, түсік тастауы ықтимал, дейді дәрігер. Малышев дәрумендердің де кез келген басқа дәрілер сияқты қарсы көрсетілімдері болатынын атап өтті. Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тағы Ла Хойя иммунология институтының мамандары бірнеше ай зерттеу жүргізіп, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың ағзасында иммунитет сегіз ай немесе одан да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін анықтаған еді.

Зертеу жұмыстары кезінде ғалымдар пандемия басталғалы бері COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырған 19-81 жас аралығындағы 185 науқастың қан сынамасын бірнеше рет тексерген. Кейін ғалымдар иммундық жүйенің төрт компонентін талдаған. Олар: антиденелер, қажет болған жағдайда көп антидене шығаратын В жасушалары және Т жасушасының екі түрі. Зерттеу нәтижесінде антидененің коронавирус жұқтырғаннан кейін 6-8 айдан кейін де сақталатыны анықталған, алайда инфекцияға қарсы тұру мүмкіндігі төмен болған. Сондай-ақ танымал педиатр әрі тележүргізуші Евгений Комаровский коронавируспен кімдердің ауырмайтынын айтқан болатын.

kaz.nur.kz




Көрілген: 1951    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.12.2020, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28