Денсаулық

Дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинаның қандай жанама әсері болатынын айтты

  • https://vlast.kz/

    https://vlast.kz/

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова вакцинаның қандай жанама әсері болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Вакцинадан кейін жанама әсер жалпы және жергілікті сипатта болуы мүмкін. Вакцина салынғаннан кейін үш күн ішінде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, астения (ағзаның жалпы әлсіздігі) байқалып, бұлшықеттер, буын сырқырап, жүрек айнуы ықтимал. Жергілікті ауырсыну – ине салған жердің ауыруы, ісінуі. Уақыт өте келе олар басылады. Яғни, коронавирусқа қарсы вакцинаның өзіндік ерекше белгілері жоқ", - деді Қалықова.

 

Егер аталған жалпы жанама әсерден басқа да аурушаңдық байқалса, дәрігерге қаралу керек.

 

"Өз денсаулығын ойлайтын адам жоғарыда аталған аурушаңдық белгілерінен басқа да жағдайға тап болса, дәрігерге хабарлауы керек. Мұндай жағдайда өзіне екпенің бірінші не екінші компоненті егілгенін міндетті түрде айтқаны жөн", - деді ол.

 

Айта кетейік, Алматыда сәуірде 13 күн ішінде 8 311 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

 

Әсел Қалықованың айтуынша, кейінгі 14 күнде 15-19 жастағы жасөспірімдер,  20-39 жастағы азаматтар арасында сырқаттанушылық деңгейі төмендеген. 40-59 жастағы азаматтар арасында инфекция жұқтыру деңгейі бірқалыпты. 60 жастан асқан адамдар арасында науқастар саны 4%-ке артқан.

 

 

 




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30