Денсаулық

Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті

  • Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті

    Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті

Дәрігер коронавирус инфекциясы адамның есту қабілетіне қалай әсер ететінін айтты

Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлауы мүмкін. Sputnik радиосына берген сұхбатында жоғары санаттағы ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев бұған вирустың жүйке жүйесін зақымдауы себеп екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдайды, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкшелі жасушалары зақымдалады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады",- деді дәрігер.

Оның айтуынша, адам керең болып қалуы да ғажап емес.

Тағы бір себеп — бұл вирустың есту түтігін зақымдауы.

"Вирус бізге ауа-тамшы жолымен түсетіндіктен, инфекция жұтқыншақ арқылы да өтеді. Сол кезде есту түтігінде проблема пайда болып, евстахиитке әкеп соғады", — деп түсіндірді Зайцев.

Егер естуіңіз нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Өйткені маман ғана оның себебін анықтап, емдеу жолын көрсетеді. Үйде өздігінен емделу жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, деп ескертті дәрігер.

sputnik.kz




Көрілген: 860    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.07.2021, 11:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30