Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дәрігер масканың қай түрі коронавирустан жақсы қорғайтынын айтты

20 шілде 2020, 18:24

 Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова коронавирустан қандай маскалар жақсы қорғайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Адамдар қолданып жүрген масканың бірнеше түрі бар. Біреуі өз бетінше тігеді, басқасы дәріханадан сатып алады. Зауытта жасалған маскалар үш қабатты және олар тығыздалған, сондықтан вирустардан жақсы қорғайды. Ал үй маскасының әсері матасына байланысты.

Бірақ ең бастысы - масканы тағу және жиі ауыстыру. Әр үш сағат сайын ауыстыру керек, масканы шешіп, қалтаға салып, содан кейін қайта тағуға болмайды. Шешіп тастасаңыз, жаңасын киіңіз", - деді дәрігер.

Ол, сондай-ақ, медициналық маскаларды кәдеге жарату ережелері туралы еске салды. Айтуынша, оларды қоқыс жәшігіне немесе контейнерге тастауға болмайды, пластикалық қаптарға салу керек.

Мұның алдында дәрігер Қазақстанда емдеу хаттамасы 11 рет өзгергенін айтқан болатын.

Tengrinews.kz.