Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дәрігер теледидарды тым көп көрудің қандай қаупі барын айтты

18 желтоқсан 2021, 01:59

Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, теледидар алдынан шықпайтын адамдардың денсаулығына нендей қауіп төніп тұрғанын анықтады

Теледидарды тым жиі көру мидағы сұр зат көлемінің төмендеуіне байланысты когнитивтік құлдырау мен ойлау қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Колумбия университетінің Ирвинга медицина орталығының неврологы Прия Палтаға сілтеме жасап Eat this, Not That! басылымы жазды.

"Аз қозғалатын өмір салтының бір белгісі саналатын теледидарды тым жиі көру мидың когнитивтік қабілетінің төмендеуіне тікелей байланысты болуы мүмкін. Мұны біз жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетті", - дейді сарапшы.

Тез қартаюға әсер ететін екінші фактор – интернетті жиі және ұзақ пайдалану. Тым белсенді пайдаланушылар физикалық белсенділіктің жетіспеушілігінен зардап шегеді, сондай-ақ компьютер мен смартфон экранынан берілетін жарықтың зарбадын көреді.

Сондай-ақ мамандар ми мен терінің қартаюына тұрақсыз ұйқы режимі, күйзеліске түсу әсер етеді деп санайды. Йель университетінің зерттеуіне сәйкес, эмоцияны дұрыс көрсетуге көмектесетін жаттығуларға қатысқандардың баяу қартаятыны анықталған.

sputnik.kz