Денсаулық

Дәрігердің қателігінен 450 күн ес-түссіз жатқан бала Нұр-Сұлтанға жеткізілмек

  • © Foto : Кчс мвд рк

    © Foto : Кчс мвд рк

Павлодардағы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Кәрім араға бір жыл салып республикалық нейрохирургиялық орталыққа ауыстырылады, деп хабарлады жергілікті денсаулық сақтау басқармасы.


Дәрігерлер өзара ақылдаса келе осындай шешім қабылдапты. Олар "операцияның қажетті жағдайлардың барлығы қарастырылған, білікті мамандар құрамы толық жасақталған кәсіби клиникада жасалғаны жөн", – дейді. Санитарлық авиация сәбиді алдағы мерекелер өткеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізеді.


Бұған дейін "Хабар 24" арнасы Кәрім Тәңірбергеновтың 450 тәулік бойы ес-түссіз жатқаны жайында айтқан болатын. Баланың ата-анасы: "Сәбиіміз жекеменшік мануалды терапевтің қабылдауынан кейін осындай жағдайға душар болды", – деп отыр. Екі мойын омыртқасы сынған. Ол өздігінен демала алмайды. Отандық дәрігерлер мұндай жағдайға алғаш рет тап болған.


Кәрімовтер отбасына Қорған қаласындағы Илизаров орталығының мамандары көмек ұсыныпты.


"Біз баланы әуе көлігімен жібереміз. Жанында балалар реаниматологы болады. Қорған қаласына тоқталар болсақ, бірнеше мәрте сөйлестік. Олармен үнемі байланыстамыз. Емдеу тактикасына келісіп отыр. Ал баланы емдеген дәрігерге қатысты тергеу жүріп жатыр. Біз денсаулық сақтау басқармасы Қоғамдық денсаулық департаментіне көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен лицензиясының дұрыстығын анықтау мақсатында хат жолдадық", - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбсары Сәуле Арыстанова.


Sputnik


 




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.05.2019, 09:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31