Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дәрігерлер дабыл қағуда: Алматыда вирус белең алды

28 желтоқсан 2022, 11:13

Сырқатқа шалдыққандардың 66 проценті балалар. Жалпы, қалада вирустың үш түрі тіркелген. Ауру белгілері бәріне ортақ. Науқастар бас ауруы, дене қызуы, өткір жөтел мен бұлшық еттердің ауыратынын айтып шағымданады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын 250 адам ауру жұқтырған. Егер алдыңғы аптамен салыстырып қарасақ, індет дендеп барады. Қазір стационарда 51 науқас коронавирустан емделуде.

"Алматы қаласында жіті респираторлық вирсутық инфекция мен тұмау бойынша, маусымдық өсім байқалады. Өткен 51-аптада қала бойынша аурушаңдық жіті респираторлық вирустық инфекция 100 мың адамға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 1104,24-ті құрады. Бұл өткен алдыңғы аптамен салыстырғанда 7,5 пайызға жоғары, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге жоғары", - деді Алматы Қ. СЭБД бөлім басшысы Алмаш Ахметова.

"Емханаға бір аптада хабарласқан 887 пациенттің 800-і жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар. Әрине бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Сондықтан, алдын алу шараларын естен шығармаған жөн", - деді Алматы қаласы №4 емхананың  эпидемиолог дәрігері Лаура Сахи.

bugin.kz