Денсаулық

Дәрігерлер дұрыс ұйықтай алмаудың себебін атады

  • Дәрігерлер дұрыс ұйықтай алмаудың себебін атады

    Дәрігерлер дұрыс ұйықтай алмаудың себебін атады

Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу керек. Бұған дейін ғалымдар тым аз немесе көп ұйықтаған адамда өкпе фиброзы болатынын анықтады

Дәрігерлер ұйқыға қатысты ең қауіпті әдеттерді атады, деп хабарлайды "Вечерняя Москва".

Мұндай әдеттердің бірі - ұйықтар алдында телефон қолдану немесе теледидар көру. Дәрігердің айтуынша, телефонның көк түсі дұрыс ұйықтау үшін жауап беретін гормон - мелатониннің деңгейін азайтады. Ал ұйықтардың алдында сюжеті шым-шытырман фильмдерді көрген кезде ағза стресс гормонын бөледі.

Сондай-ақ, маман көп тамақтанбау керек екенін айтады. Кофе мен шай ішпеген жөн. Алайда аш қарынға да ұйықтауға болмайтын көрінеді. Жеңіл тамақ жеу керек. Ішілген алкогольдің мөлшері көп болса, ұйқы сапасы төмен болады.

Маман ұйқыдан бірнеше сағат бұрын жаттығулар жасап, спортзалға бару пайдалы деген ойды жоққа шығарды.

"Спорттан кейін ағза белсенділігі артады. Бұл төрт сағатқа дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт өткен соң ғана жақсы ұйықтауға болады. Спорттан кейін бірден ұйықтаған дұрыс емес", - дейді дәрігер Алена Гаврилова.

Ол ұйқыға дейін таза ауада серуендеу керектігін айтып отыр. Бұған дейін ғалымдар тым аз немесе көп ұйықтаған адамда өкпе фиброзы болатынын анықтады. Олардың зерттеуіне сәйкес, 11 сағаттан көп ұйықтайтын адамдар бұл дертке жеті сағат ұйықтайтын адамдарға қарағанда жиі шалдығады.

sputniknews.kz




Көрілген: 808    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.01.2020, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31