Денсаулық

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты

  • © Sputnik / Алексей Куденко

    © Sputnik / Алексей Куденко

Германиядан ата-анасымен бірге келген 12 жастағы қыз балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеке боксқа жатқызылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

"Коронавирус жұқтырған алты науқас ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Ал Германиядан ата-анасымен бірге келген 2008 жылы туған қыз балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеке боксқа жатқызылды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық", - делінген әкімдік ақпаратында.
Экипажды қосқанда борта болған 12 адам әуежайда бірден оқшауланып, олардан анализ алынған.

 

"Коронавирус тіркелген 7 науқастың жағдайы бірқалыпты. Барлық пациент бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Науқастармен байланыста болған азаматтардың барлығы провизорлық стационарларға 14 күндік карантинге орналастырылды", - делінген ақпаратта.

 

Қазір Алматы қаласында 676 адам карантинде жатыр.

 

Алматы қаласының әкімдігі азаматтарды, әсіресе, үй жағдайында карантинде жатқан азаматтарды өзінің және басқалардың денсаулығы үшін барынша жауапкершілікпен қарап, санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануға, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырды.

 

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – тоғыз адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі – Алматыда.

 

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.

 

sputnik


 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 13:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30