Денсаулық

Дәрігерлер коронавирустан емдеу үшін жылқының антиденелерін пайдаланбақ

  • http://argymaq.kz/

    http://argymaq.kz/

Коста-Рикада жылқының антиденелерінің көмегімен коронавирусты емдеу тәсілін сынақтан өткізіп көрмекші.

 

Бүгінде Клодомиро Пикадо(Instituto Clodomiro Picado, ICP) институтында арнайы препаратты дайындап қойды. Ғалымдар алдымен SARS-CoV-2 вирусын жылқыларға салған. Жануарлар ауырып шыққаннан кейін ағзасында антиденелер пайда болды. Соның негізінде дәрі-дәрмек жасалды.

 

"Қыркүйектің ортасында біз осы дәріні 26 пациентке салып, препаратты сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді осы елдің әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Роман Макая(Roman Macaya) Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Зерттеудің екінші кезеңі сәтті өтсе, жергілікті билік жаңа препаратты ауруханаларда кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.

 

"Вакцина барлығына бірдей қолжетімді болмай тұрғанда осы өнім біраз адамның өмірін сақтай алады деген сенім бар. Біреумен жарысудың немесе кезекте тұрудың қажеті жоқ, ондай жағдай вакцина саласында анық байқалады. Біз болсақ, ешкімді күтпей-ақ, өз күш-жігерімізді тиімді пайдалана аламыз", - дейді ICP-дағы жобаның үйлестірушісі Альберто Алапе (Alberto Alape).

 

Айта кеткен жөн, осыған ұқсас зерттеулер Аргентина мен Бразилияда жүргізіліп жатыр. Ал Бельгияның ғалымдары жылқының орнына таутайлақтарды пайдаланып келеді. Коста-Рика барлық зерттеуден кейін коронавирусты емдеудің арзан тәсілімен Орталық Америка елдерімен бөлісуге дайын.

 

sputniknews.kz

 

 




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31