Денсаулық

"Дәрігерлер қудалануда": Денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

  • https://ehonews.kz/

    https://ehonews.kz/

Шымкентте Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы жұмысшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Қоғам белсендісі Дина Смаилованың айтуынша, мәселе анықталғаннан кейін дәрігерлер қудаланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

"НеМолчиKz" қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың айтуынша, ақ халаттылар бірнеше ереже бұзушылықты анықтап, тексеріс жүргізуді өтінген. Оларға "тәртіпсіздіктен" зардап шеккендерден 20 шағым түскен. Үстемақы ала алмай жүргендер де шағым жасаған екен.

 

Медбикелердің айтуынша, олар пандемия кезінде небәрі 29-50 мың теңге арасында сыйақы алған. Қызметкерлер жұмыс орнында ауру жұқтырғандарға 2 млн теңге өтемақының да берілмегенін атап өтті.

 

 "Ұзақ жұмыс тәжірибесі бар мейірбикелер, көпбалалы аналар мен жалғызбасты аналар көбіне қысым көріп, қудаланды! Егер біздің медицина қызметкерлері кедейлікке ұшырап, қудаланса, біз екінші толқыннан қалай аман қаламыз?", - делінген жазбада.

 

 

Кейінірек, Дина Смаилова "конференциядан кейін медбикелердің соңына түсу басталды, олар актілер жасайды, жұмыстан шығаруға дайындауда" деп жазды.

 

 

Жағдайға байланысты Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді.

 

"Конференциядан кейін медбикелерді қудалау басталды деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомство.

 

Сонымен бірге Созақ аудандық ауруханасының екі қызметкері денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен ақысыз демалыста екендігі хабарланды. Түркістан қалалық емханасының басшылығы тек бір дәрігерге жұмыста болмағаны үшін акт толтырылған.

 

Басқарманың айтуынша, бұл қызметкер өзінің кәсіби міндеттеріне қатысты кез-келген талаптарды орындаудан бас тартқан, әкімшіліктің нұсқауларын елемейді және этикалық нормаларды сақтамайды.




Көрілген: 634    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 03:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31