Денсаулық

Дәрігерлерге сатып алынған "құрылыс костюмі": Бекшин айыптауға жауап берді

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин дәрігерлерге арналған жеке қорғаныш құралдарын алудың орнына "құрылыс костюмдерін" сатып алуға қатысы бар деген айыптауға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Тілшілер Жандарбек Бекшиннен оның орынбасары Әсел Қалықованың "қорғаныш құралдарын сатып алуға өзі қатысқан" деген сөзіне байланысты пікірін сұрады.

 

"Ол қателеседі. Істі сотқа берер алдында соталды реттеу жүргізіледі. Оларға (жеткізушілерге - авт. ескерт) ауыстыру ұсынылды. Жеке қорғаныс құралдары қандай болуы керегін көрсеттік. Маусымда басшы болып тағайындалдым, оған дейін ешқандай шаруашылық қызметке араласа алмайтынмын. Қазір тексеру тағайындалды. Ол әлі аяқталған жоқ. Қорытындысын қосымша айтамыз", - деп жауап берді Бекшин.

 

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтқан сөздер "құрғақ сөз және негізсіз" екенін айтқан еді. Қалықова мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған жеткізушілермен келіссөздерді Жандарбек Бекшиннің өзі жүргізгенін және өзі жеке қорғаныш құралдары жинағының бірнеше түрінен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қойылған жиынтықты өзі таңдағанын айтты.

 

Еске салайық, бұған дейін эпидемиологтарға сатып алынған жеті мыңға жуық жеке қорғаныш құралы Алматыдағы қоймада жатқаны хабарланған болатын.

 

"Бұл шаңнан, кірден, бояудан сақтауға арналған қорғаныс құралдары, яғни, ол құрылысқа арналған. Олар бәрін өткізеді. Онда тесіктер бар, оларға үрлеп, су құйып көріңіз. Олар вирус өтуіне жол бермеуі керек. Бұл құрылысшыларға арналған қорғаныс. Оларды пайдалану қауіпті. Мен материалдарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жібердім, сараптама жасалды", - деген еді Бекшин тікелей эфирде.

 

 

 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 19:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30