Денсаулық

ДДСҰ COVID-19-дың жаңа штамына байланысты шұғыл жиналыс өткізеді

  • ДДСҰ COVID-19-дың жаңа штамына байланысты шұғыл жиналыс өткізеді

    ДДСҰ COVID-19-дың жаңа штамына байланысты шұғыл жиналыс өткізеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африка мен Ботсванада табылған тез таралуы ықтимал COVID-19 штамын талқылау үшін шұғыл жиналыс өткізеді. Бұл туралы Financial Times газеті жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Кездесу жұмада өтеді. Мәселе туралы білетін адамдардың айтуынша, онда SARS-CoV-2-нің B.1.1.529 аталатын нұсқасы талқыланады", - деп жазады газет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары бұл нұсқа "алаңдаушылық" немесе "қызығушылық тудыратын" штамм санала ма, соны талқылайды, деді ақпарат көздері.

 
Оңтүстік Африкадағы Инновациялар және эпидемияға қарсы әрекет ету орталығының директоры Тулио де Оливейра басылымға жаңа штамды ДДСҰ шенеуніктерімен талқылағанын, олар шұғыл жиналыс өткізуді шешкенін айтты. Оның бағалауынша, Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясындағы жаңа жағдайлардың шамамен 90 пайызы коронавирустың жаңа нұсқасынан туындаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мария Ван Керхове жаңа COVID-19 штамы зерттеліп жатқанын, оның ішінде оның мутациясының вакциналар мен диагностикаға тигізетін әсері туралы айтылды.

"Бұл бізге айтылған және Оңтүстік Африкадағы әріптестеріміз анықтаған нұсқа. Біз бұл туралы әлі көп білмейміз, бірақ бұл нұсқаның бар екенін білеміз. Алаңдап отырмыз. Өйткені көптеген мутация вирустың әрекетіне әсер етуі мүмкін", - деді ол.
Бұған дейін Daily Mail газеті ғалымдар Ботсвана, Оңтүстік Африка және Гонконгта коронавирус штамын анықтағанын жазды. Бұл COVID-19-дың кез келген басқа түрлерінен, соның ішінде "дельтаға" қарағанда қауіпті болуы мүмкін.

Мамандар В.1.1.529 иммундық жүйесі әлсіреген адамда, мысалы, АҚТҚ немесе ЖҚТБ-мен ауыратын науқаста пайда болуы мүмкін деп болжады.




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 11:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31