Денсаулық

ДДСҰ басшысы: әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру санының күрт өршуі алаңдаушылық тудырады

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус инфекциясының таралымы пандемияның бүкіл уақытында ең жоғары көрсеткішке жақындап қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Las Vegas Sun-ға сілтеме жасап.

 

ДДСҰ басшысы бұл жөнінде баспасөзге арналған брифинг кезінде айтты. Ол бүкіл әлем бойынша жаңа расталған оқиғалардың күн сайынғы саны соңғы екі айда екі есе көбейгенін атап өтті.

 

«Әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру, одан болған өлім-жітім санының жылдамдықпен өсуі алаңдаушылық тудырып отыр. Вирус жұқтырудың жаңа оқиғаларының саны пандемия басталғаннан бері ең жоғары көрсеткішке жақындап қалған», - деді ол.

 

ДДСҰ бұған дейін вирустың тез таралуынан аман қалған Папуа-Жаңа Гвинея сияқты кейбір елдерде қазіргі кезде ауру жұқтыру санының күрт өскенін мәлімдеді.

 

«Жылдың басына дейін Папуа-Жаңа Гвинеяда ауру жұқтырудың 900-ға жуық жағдайы мен 9 өлім тіркелген», - деп атап өтті Гебреисус.

 

Қазіргі кеде елде вирус жұқтырудың 9 мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны, 83 адамның қайтыс болғаны анықталды, соның жартысы өткен айда тіркелген.

 

Бүгінде COVAX әлемнің 100-ден астам еліне 40 миллионға жуық вакцинасын жіберді. Бұл әлем тұрғындарының 0,25 пайызына жуығын қорғау үшін жеткілікті.

 

 

 

 

 




Көрілген: 847    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 19:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30