Денсаулық

ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады

  • ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады

    ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайларда Bharat Biotech компаниясының короновирусқа қарсы үнді вакцинасы Covaxin-ды қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"ДДСҰ Bharat Biotech әзірлеген Covaxin вакцинасын пайдалануға рұқсат берді. ДДСҰ шақырған және әлем елдерінің сарапшыларынан тұратын техникалық кеңес беру тобы бұл вакцина ДДСҰ-ның COVID-19-дан қорғау стандарттарына сәйкес келеді, сонымен қатар, вакцинаның пайдасы әлдеқайда жоғары, бүкіл әлемде қолдануға болады деп шешті",-делінген ұйымның Twitter-дегі хабарламасында.
ДДСҰ 18 жастан асқан адамдар үшін төрт апта аралықпен Covaxin препаратының екі дозасын қолдануды ұсынады.

 
Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Bharat Biotech вакцинасы айқын белгілері бар COVID-19-ға қарсы 77,8 пайыз тиімділік, аурудың ауыр түрлеріне қарсы 93,4 пайыз тиімділік, ал симптомсыз түрлеріне қарсы 63,6 пайыз тиімділік, "дельта" штамына қарсы да осындай ұқсас нәтиже көрсетті.

Covaxin 16 елде тіркелген, 50 мемлекетте вакцинаны мақұлдау процесі жүріп жатыр. Үндістанның өзінде компания төрт нысанда вакцина өндірісін жолға қойып, 1 миллиард доза "жылдық қуаттылыққа" жету үшін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жүктілік кезінде препаратты қолдану туралы деректер әлі жеткіліксіз, зерттеулер жүргізу жоспарда бар.




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 10:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31