Денсаулық

ДДСҰ коронавирусты әлем қандай жағдайда жеңетінін айтты

  • ДДСҰ коронавирусты әлем қандай жағдайда жеңетінін айтты

    ДДСҰ коронавирусты әлем қандай жағдайда жеңетінін айтты

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы уақытта жаңа ауру түрі өршігенде, әлем елдері пандемияға дайын болуы керек деген пікірімен бөлісті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы уақытта жаңа ауру түрі өршігенде, әлем елдері пандемияға дайын болуы керек деген пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24». Ұйым басшысы ойда жоқта алқымнан алған коронавирус індеті жер жаһанды есеңгіретіп жібергенін айтады. «Бұл – мемлекетердің жылдар бойы қоғамдық денсаулық сақтау саласына бейжай қарағанының нәтижесі», деп отыр. Сонымен қатар бұған дейін қызылша, полиомиелит, безгек, эбола сынды аурулары өршіген өңірлердің коронавирус пандемиясына дайындығы өзге елдерге қарағанда жоғары болғаны байқалды.
 

«Әлем елдері түсінуі тиіс. Бұл соңғы пандемия емес. Эпидемия өміріміздің құрамдас бір бөлігіне айналды. Дәл қазір кез келген мемлекет денсаулық сақтау саласына мейлінше мән беріп, керек десеңіз, инвестиция салу саласына айналдыруы тиіс. «Өз елін ғана емес, тұтас әлемді құтқаруға қаржы құйып жатырмыз» деп түйсінгені дұрыс. Сонда ғана нәтиже шығады. Қауіпті індетті түпкілікті жеңу тек екі-үш елдің қолынан келетін шаруа емес, дүниежүзі тегіс үн қосса ғана еңсеріледі», – деді ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

aikyn.kz




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 21:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31