Денсаулық

ДДСҰ мамандары коронавирустың Ухань базарына қалай жеткенін анықтады

  • ДДСҰ мамандары коронавирустың Ухань базарына қалай жеткенін анықтады

    ДДСҰ мамандары коронавирустың Ухань базарына қалай жеткенін анықтады

COVID-19 індетінің қалай пайда болғанын анықтау үшін Қытайда зерттеу жүргізіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары вирус Уханьдағы зертханадан тарады деген тұжырымды жоққа шығарды, деп хабарлайды centralasia.media.

Ұйым мамандары коронавирустың таралуына инфекцияны тікелей жануардан немесе мұздатылған азық-түліктен жұқтыру себеп болуы мүмкін дейді. Делегация басшысы Бен Эмбарек коронавирустың пайда болуын анықтау үшін ешқандай қосымша зерттеудің қажеті жоқ екенін жеткізді. Оның сөзінше, вирус Ухань базарына мұздатылған азық-түлік арқылы келуі мүмкін. «Уханьдағы базар жануарлардың мұздатылған өнімін, теңіз өнімдерін сатумен айналысқан», &ndash дейді ДДСҰ делегация басшысы. Коронавирус Уханьдағы зертханада пайда болуы мүмкін деген тұжырымды АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп айтқан еді. Ал Қытай үкіметі бұл теорияы теріске шығарған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері пандемияны зерттеу үшін Ухань қаласына қаңтар айының ортасында келді. Топ құрамына АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланды, Катар және Вьетнамнан келген вирусологтар мен басқа да сарапшылар кіреді. Ғалымдар вирус адамдарға Қытайдың оңтүстік-батысындағы жарғанаттардан немесе басқа жануарлардан жұқты деп болжап отыр. Делегация басшысы Бен Эмбаректің айтуынша, коронавирус Уханьдағы зертханадан тарады деген тұжырымды әрі қарай қосымша зерттеудің қажеті жоқ.
turkystan.kz




Көрілген: 2989    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 00:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30