ДДСҰ маймыл шешегіне байланысты жаңа мәлімдеме жасады

01 маусым 2022, 10:49

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге ДДСҰ маймыл шешегінің таралуы толықтай ауыздықталатынына сенімді емес екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Клюгеның айтуынша, маймыл шешегінің таралуын тоқтату үшін COVID-19 кезінде қажет болған шараларды қолданудың  қажеті жоқ, өйткені вирус басқаша таралады.

Сондай-ақ, ол инфекция жазда Еуропада және саяхатшылар көп баратын басқа елдерде көп таралуы мүмкін екенін айтты.

"Алдағы айларда жоспарланған ондаған фестиваль мен ірі кештердің көпшілігінде вирустың таралу ықтималдығы жоғары", - деді Клюге.

kaz.tengrinews.kz