Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын айтты

21 желтоқсан 2021, 07:54

Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін. Ол үшін келер жылдың ортасына дейін әлем халқының 70 проценті вакцина салдыруы тиіс.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осылай деп мәлімдеді.

 

Ол сондай-ақ қазір мамандарды омикрон алаңдатып отырғанын айтты. Өйткені қолда бар мәлімет бойынша, бұл штамм дельтадан да жылдам тарайды.

 

Соңғы ақпарат бойынша, өткен айда ғана анықталған жаңа мутация әлемнің 90-нан аса елінде тіркелген.

 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

 

– Омикрон тез тарайтындықтан, бұған дейін індетпен ауырып шыққандар мен екпе салдырғандардың вирусты қайта жұқтыру ықтималдығы бұрынғыдан да жоғары болуы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеулер әлі жалғасып жатыр. Біз вирустың қалай пайда болғанын нақты білуіміз керек. Сонда болашақта қазіргідей жағдай қайталанбайды.

 

 

 

24.kz