ДДСҰ "Спутник V" - ді 2022 жылдың бірінші тоқсанында мақұлдауы мүмкін

17 желтоқсан 2021, 11:32

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "Спутник V" вакцинасын келесі жылдың басында мақұлдауы мүмкін. Бұл туралы ұйымның Еуропалық аймақтық бюросының жетекшісі Ханс Клуге мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Ханс Клугенің айтуынша, COVID-19 препараттарының шыққан елі маңызды емес. Денсаулық сақтау саласы саясаттан тыс болуы керек.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейлік вакцина туралы құжаттаманы 2021 жылдың соңына дейін алуы керек.

Айта кетейік, осы жылдың маусым айында өткен тексеру қорытындысы бойынша ұйым мамандары препарат өндіретін кәсіпорындардың бірінде заң бұзушылықтарды анықтады.