Денсаулық

ДДСҰ вирустың шығу себебін тексеруді бастамақ

14 қаңтар күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) халықаралық сарапшылары COVID-19 вирусының шығу себептерін тексеру үшін Қытайға барады.

Ведомство ақпаратына сәйкес, тараптар арасында өткен кеңестерден кейін халықаралық сарапшылар тобы 14 қаңтарда Қытайға барып, онда «қытайлық ғалымдармен бірге коронавирустың жаңа үлгісінің шығуын анықтау бойынша бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізеді».

Өткен тәулікте Қытайдың материктік бөлігінде коронавирус жұқтырудың жаңадан 103 оқиғасы тіркелді, соның ішінде 85 адам шетелге шықпаған жергілікті тұрғындар.

Бұл ретте жергілікті оқиғалардың көбі Хэбэй провинциясының локдаун енгізілген екі ірі қаласында &ndash Шицзячжуан мен Синтайда (82) анықталған.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, ҚХР-дың материктік бөлігінде коронавирус жұқтырғандардың 93,93 пайызы емделіп шықты. 2019 жылдың желтоқсан айынан бері ауру жұқтырғандардың саны 87,5 мың адамнан асты.

NEGE. 




Көрілген: 1554    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 02:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31