Денсаулық

ДДҰ: Еуропада қыста кемінде 500 мың адам коронавирустан көз жұмуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша қыста Еуропада кемінде 500 мың адам коронавирустан көз жұмуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Егер ЕО елдері пандемияға байланысты шектеулерді күшейтпесе, бұл болжам жүзеге асуы мүмкін, - деді ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге. «COVID-19 кезекті рет біздің аймақта өлім-жітімнің басты себебі болып отыр, жаңа толқынның туындауы суық ауа райының жақындауына, бірқатар елдерде вакцинацияның төмен қарқынына және SARS-CoV-2 жұқпалы штамдарының пайда болуына байланысты». Осыған орай Австрияда бүгіннен бастап жалпыұлттық локдаун енгізіледі, Данияда кинотеатрларға, түнгі клубтар мен мейрамханаларға бару үшін ковид-паспорттар міндетті болып табылады. Ал Германияның федералды аймақтарында covid-19 инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеуде. Роберт Кох институтының мәліметі бойынша өткен тәулікте елде 42 727 коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайлары тіркелген, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 63 мыңнан астам деректі құрады. SARS-CoV-2 инфекциясының расталған жағдайларының жалпы саны 5,5 млн-ға жуықтады, нақтырақ 5 354 942-ге жетті. Соңғы 24 сағат ішінде 75 науқас ауру салдарынан көз жұмды, ал пандемия басталғаннан бері Германияда 99 062 адам COVID-19 асқынуынан көз жұмды.

ҚазАқпарат




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 15:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31