Денсаулық

ДДҰ коронавирусқа қарсы ревакцинация бойынша ұсынымдар жасады

  • ДДҰ коронавирусқа қарсы ревакцинация бойынша ұсынымдар жасады

    ДДҰ коронавирусқа қарсы ревакцинация бойынша ұсынымдар жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Сантьяго Мас-Кома коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өту қажеттігін, өйткені вакцинациядан кейінгі иммундық қорғаныс бірнеше айға ғана созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Известия агенттігіне сілтеме жасап.

«Ревакцинация кезінде егде жастағы адамдарға басымдық берілуі тиіс. Ең дұрысы - жаңа штамдармен күресу үшін модификацияланған пепараттармен ревакцинация жасау. Осы орайда синтез процестерінің ерекшеліктеріне байланысты мРНҚ вакциналарын пайдаланған абзал», - деді Сантьяго Мас-Кома. Оның айтуынша, ғалымдар әлі күнге дейін COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан қаншалықты жиі өту керектігін анықтай алмай отыр. «Бұл негізінен жас топтарына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, жастар үшін ревакцинация уақыты ұзағырақ, ал егде жастағы адамдар үшін қысқарақ дегендей. Сондай-ақ адамның денсаулық жағдайына да тікелей байланысты», - деді сарапшы. Бір күн бұрын Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар жөніндегі штаттан тыс маманы Владимир Чуланов «Спутник Лайт» екпесін ревакцинациялау үшін немесе COVID-19 инфекциясымен ауырып шыққаннан кейін салдыру қажеттігін мәлімдеген болатын.




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

жұма, 05.11.2021, 02:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31