Денсаулық

ДДҰ коронавирусқа қарсы вакцинаның "пайдасыз" екеніне сенбеуге шақырды

  • ДДҰ коронавирусқа қарсы вакцинаның

    ДДҰ коронавирусқа қарсы вакцинаның "пайдасыз" екеніне сенбеуге шақырды

Коронавирусты қайта жұқтыру мүмкіндігі бар, бірақ бұл вакцинаның пайдасыз екенін білдірмейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше аурулар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мария Ван Керкхове коронавирусты қайта жұқтыру фактісі вакцинаның жұмыс істемейтінін білдірмейтінін атап өтті.

"Халық бұл вакцина жұмыс істемейді дегенді білдіреді деп ойлайды. Бірақ олай емес. Біз вакциналарды жасай береміз және бұл жолда керемет жетістіктерге жеттік. Иә, мүмкін бізде вирусты қайта жұқтыру жағдайлары болуы мүмкін, бірақ бізде халықтың қайта ауруына жол бермейтін әдістер бар", - деді Ван Керкхове ДДҰ-ның Twitter желісіндегі онлайн-брифингте.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис ұйым COVID-19 вирусын қайта жұқтырудың жаңа жағдайларын жоққа шығармайтынын, бірақ қазіргі уақытта мұндай жағдайлар аз екенін айтқан. Оның сөзінше, ДДҰ COVID-19-қа қарсы вакциналар табиғи иммунитеттен гөрі вирусқа берік иммунитетке әкеледі деп күтеді.

Еске салайық, тамыздың соңында COVID-19 вирусын қайта жұқтыру мүмкіндігі дәлелденген болатын. Расталған жағдай туралы Гонконг университетінің зерттеушілері хабарлаған.

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.08.2020, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31