Денсаулық

ДДҰ коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларын тексеріп жатыр

  • ДДҰ коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларын тексеріп жатыр

    ДДҰ коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларын тексеріп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайта жұқтыру жағдайларын зерттейтін арнайы топ құрды.

ДДҰ Төтенше аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкховтың айтуынша, ұйымда адамдарда күшті иммунитет қалыптасқаны туралы мәліметтер бар, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

Біз көптеген елдегі қайта жұқтыру жағдайларын білеміз. Бізде қайта жұқтыру жағдайларына арнайы жұмыс тобы бар. Себебі сұрақтар көп. Қазіргі уақытта әр түрлі елден көптеген хабарлама түседі, бірақ бізде вирусты қайта жұқтырған халықтың пайыздық есебі жоқ. Қазіргі сұрақ &ndash бірінші инфекциядан кейін қандай және екінші инфекциядан кейін қандай иммунитет пайда болады? Антиденелер саны өсе ме немесе азая ма және онда не болып жатыр? &ndash деді ол.

ДДҰ жауап табуға үміттенетін тағы бір сұрақ &ndash аурудың қайталануы қаншалықты ауыр болады? Вирустың жеңіл түрін жұқтыру мүмкін бе? 

Оның айтуынша, ДДҰ-да COVID-19 жұқтырып, аурудан айыққан адамдарда күшті иммунитет дамитыны туралы мәліметтер бар, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз. Кейбір зерттеуде мықты иммунитет бес айға дейін сақталатыны көрсетілген, ал басқалары антиденелер аз мөлшерде пайда болатынын айтады.


BAQ.KZ




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 02:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31