Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ДДҰ: Пандемия миллиондаған адамның психикасына әсер етті

28 тамыз 2020, 10:12

Коронавирус пандемиясы дүние жүзі бойынша миллиондаған адамның психикасына әсер етті. Бұл туралы Женевада өткен брифингте ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Шара барысындағы видео ұйымның YouTube-арнасында жарияланған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұйым басшысының сөзінше, пандемия кезінде адамдарда үрей мен қорқыныш сезімі басым болған, сондай-ақ психикалық көмек көрсету қызметінің жұмысына да нұқсан келген. Оған көптеген елдегі шектеу шарасы мен адамдардың бір-бірімен байланыса алмауы себеп болған.

Гебрейесус миллиардқа жуық адам психикалық ауытқудан зардап шегетінін, алайда оның бәріне сапалы медицина қолжетімсіз екенін айтады.

 

kaz.tengrinews.kz