Денсаулық

"Дельта" штамын жұқтырған жүкті әйелдің жағдайы екі күнде асқынады – дәрігер

  • "Дельта" штамын жұқтырған жүкті әйелдің жағдайы екі күнде асқынады – дәрігер

Лаура Мырзағали кейінгі кезде қала тұрғындары арасында індеттің бас ауруы, іш өту секілді белгілері жиі байқалып жатқанын айтты

Алматыда коронавирустың "дельта" штамы жылдам таралып жатыр. Ол жүкті әйелдердің жағдайын нашарлатады. Бұл туралы брифингте қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда коронавирустың "дельта" штамы басымдық танытып отыр. Мұны кейінгі кезде жүкті әйелдердің коронавирус жұқтырған кездегі ауыр жағдайы арқылы біліп отырмыз. Олармен жұмыс істейтін біздің мамандардың айтуынша, "дельта" штамы оңтүстікафрикалық, бразилиялық штамнан да жылдам тарайды. Әйелдердің жағдайы екі күнде асқынады. Мысалы ауруханаға түскен кезде өкпесінің 24%-і зақымданса, екі күннің ішінде бұл 54%, 66% болып кетеді. Тіпті 78% дейін жетеді. Біз қазір өкпесінің 88%-і зақымданған әйелді емдеп жатырмыз. Оның тірі қалуын тілеп отырмыз", - дейді Лаура Мырзағали.

Маманның айтуынша, жүкті әйелдердің коронавирус жұқтыруына жүктілік кезінде ағзасының әлсіреуі мен ілеспе аурулары әсер етеді.

Сондай-ақ маман кейінгі кезде қала тұрғындары арасында бас ауруы, іш өту секілді ауру белгілері байқалатынын айтты.

Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада коронавирустың "дельта" штамын жұқтырған науқастардың азайып жатқанын айтты. "Симптомы бар" науқастар саны қыркүйектің басындағы 96%-тен 27 қыркүйекте 92%-ке дейін төмендеген.

Айта кетері, бұған дейін отандық QazVac вакцинасын жасаушылардың бірі Күнсұлу Закария ғалымдардың QazVac вакцинасына дельта штаммен күресуге қауқарлы болу үшін штамдық өзгерістер енгізгенін хабарлады.

sputnik.kz




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 19:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31