Денсаулық

Денсаулық министрі: Екпеден кейінгі қайғылы жайттардың себебі – сәйкестік

  • Денсаулық министрі: Екпеден кейінгі қайғылы жайттардың себебі – сәйкестік

    Денсаулық министрі: Екпеден кейінгі қайғылы жайттардың себебі – сәйкестік

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында вакцинадан кейін тіркелген өлім-жітім жайттарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда вакцинадан болған қайғылы жағдай тіркелген жоқ. Адамдар бірінші және екінші дозасын да алып жатыр. Вакцина алу кезінде туындаған әр жағдай бойынша тұтас бір комиссия құрылып, тексереді. Бұл жерде қайғылы жайттар мен екпенің сәйкес келген жағдайлары екенін түсінген өте маңызды. Елестетіп көріңіз. Елімізде ересек халықтың 7,5 миллионы екпе алып қойған. Коронавирусқа дейін де күн сайын инфарктен 5 адам, инсульттен 10 адамға дейін, өзге аурулардан күн сайын адамдар қайтыс болатын. Олар созылмалы аурулардың әсерінен, ілеспе асқынулардың салдарынан, қан қысымының көтерілуінен бұрын да қайтыс болып жататын. Сол тенденция қазір де өзгеріп жатқан жоқ», - деді министр.

Оның айтуына қарағанда, мұндай жағдайлар психолоигялық тұрғыда вакцина алған кезбен байланыстырылады да, азааттар бірден вакцинадан көре бастайды.

«Бірақ сәйкестік болған жайттардың бәрінде екпе алған адамның созылмалы ауруы, қысымы жоғары болғанын немесе миында ақаулар болғанын көрдік. Сондықтан, аурудың созылмалы анамнезі болған. Осындай жайттың әрқайсысын біз жеке қараймыз. Әрбір осындай жағдай бойынша нақты регламент бар», - деді ведомство басшысы.




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 20:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31