Денсаулық

Денсаулық министрі күзге қарай COVID-ке қатысты жағдай қалай өзгеретінін айтты

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Алдағы күндері коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақталуы екіталай, ал вакцина әсері күзге жақын байқала бастайды, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

 

"Жағдайдың таяу күндері немесе тіпті бір айда өзгеретінін күтудің қажеті жоқ. Азаматтардың басым бөлігі 2-3 ай ішінде вакцина алғаннан кейін эпидемиологиялық жағдайдың саябырсығанын сезетін боламыз. Вакцинация, әрине, өз әсерін береді, бірақ бұл ұжымдық иммунитет пайда болған кезде, шамамен күзге жақын болады", - деді Алексей Цой "Қазақпарат" агенттігіне берген сұхбатында.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы толық локдаунға, қалаларды жабу сияқты шараларға қайта жүгінгісі келмейтінін алға тартты.

 

"Қатаң шаралар әрқашан тиімді екені сөзсіз. Оларға оралсақ, жағдайды тезірек өзгерткен болар едік. Бірақ айтарлықтай зардап шеккен бизнестің және жалпы экономиканың мүдделерін ескере отырып, инфекцияның таралу тізбегін ішінара бұзуға мүмкіндік беретін тепе-теңдікті тапқандаймыз. Алайда, оның әсері толық локдауннан гөрі баяу сезілуде", - деді министр.

 

Ол вакцинация - вирустың таралуын тежеудің жалғыз әдісі екенін баса айтты.

 

Сондай-ақ ол вакциналаудың зияны туралы жалған мәліметтерге сенбеуге шақырды.

 

"Ресми мәліметтерге сәйкес, вакцина алғандардың 0,8%-де катаралды синдром, дене температурасының көтерілуі, ине салған жердің ауырсынуы тәрізді реакциялар байқалады. Бірақ келесі күні олардың ізі де қалмайды. Екпеге байланысты басқа реакция расталмады", - деді Цой.

 

Қазақстанда халықты жаппай вакциналау сәуір айында басталды. Бүгінгі күні 275 мың азамат вакцина алды.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 4595    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 18:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31