Денсаулық

Денсаулық министрі не үшін істі болғанын айты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлік қателік үшін жауапқа тарту мәселесі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Мен өзім дәрігер болып істегенде екі рет іс қозғалды. Ондайда ешқайда кетпеу туралы қолхаттың өзі жеткілікті деп ойлаймын. Сонда адам адвокаттармен, сарапшылармен жұмыс істей алады. Жұмысты жалғастырып, отбасыны асырауға мүмкіндік болады", - деді Біртанов журналистерге берген сұқбатында.


Осы орайда тілшілер министрдің нақты не үшін тергеуге алынғанын сұрады. Оның айтуынша, екі іс те жүктелген міндеттердің тиісті деңгейде орындалмауына байланысты қозғалған.


"Мен реаниматолог болдым. Өкінішке қарай, ондайда адам өлімі болады. Менде де бір оқиға болды. Науқастың туыстары менің үстімнен шағым түсірген. Тергеу кезінде кінәм дәлелденген жоқ. Медициналық көмек толығымен көрсетілді деген қорытынды жасалды", - деді Біртанов.


Министрдің айтуынша, дәрігерлер үнемі адам өмірі үшін күреседі. Ондайда өлімнің қаупі бар екенін түсіну керек. Ал дәрігерлердің үстінен шағым түсіре берсе, олардың жұмысқа деген ынтасы төмендейді. Осы салаға келетін мамандардың саны да азаяды.


Мәселен, жақында акушерлік және гинекология институтының бір акушер-гинекологына қатысты соттың шешімі шықты. Оның мамандары жағдайы ауыр науқастарды қабылдап қана қоймай, еліміздегі барлық акушер-гинекологтарды оқытады. Аудандарға барып, шеберлік сағаттарын өткізеді.


"Акушер-гинеколог бір келіншекке ота жасаған. Артынан оның жағдай асқынып кетті. Абырой болғанда, ол келіншек жазылып шықты. Бірақ ұзақ емделгеннен кейін акушер-гинекологты сотқа берді. Оның бостандығын бір жарым жылға шектеді. Бір жыл өз қызметімен айналыса алмайды. Яғни дәрігер табыстан қағылды, отбасын асыра алмайды. Оған қоса, шағым түсірген адам өтемақы талап етіп отыр. Ал институт мамандары енді ауданға шығып, басқаларды үйреткісі келмейді. Міне, нәтижесі осы", - дейді Біртанов.




 




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 19:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31