Денсаулық

Денсаулық министрлігі желіде тарап жатқан ақпаратқа түсініктеме берді

  • © AP Photo / Armando Franca

    © AP Photo / Armando Franca

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Онда вакциналауға қарсы шыққан адамдар халыққа үндеу жолдап, вакцина туралы "шындықты" айтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"2023 жылға дейін вакцинацияны 8 рет алу керек. Бірінші алғанда организмді қозғайды, екінші алғанда жайлап иммунитетті әлсіретеді, үшінші алғанда адам ағзасы дәрі қабылдамайтын болады. Міне, адам осылай әртүрлі себеппен өле береді. Мысалы, қазан айында екі рет вакцина алғандар үшінші рет қойғызады. Ал сегіз рет салып болғаннан кейін 5G бағдарламасын қосады. Сол кезде вакцина салған адамдар шетінен өле бастайды. Бұл – ащы шындық", - дейді хабарлама авторы.

 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратты жоққа шығарды. Осы орайда комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев әлемдік тәжірибе бойынша коронавирусқа қарсы вакцина үш дозадан артық салынбайтынын еске салды.

 

"Әлемдік тәжірибеде үш дозадан артық вакциналауға қатысты ұсыныстар жоқ. Қазіргі тәртіп бойынша вакцинаның екі компоненті салынады. Бұл – вакциналаудың толық курсы. Кейін иммунитетті күшейту үшін халықтың белгілі бір санаттарына бір дозалық ревакцинация жасалады. Қазақстанда вакцина мәжбүрлі түрде салынбайды. Әрбір адам алдымен өз келісімін береді", - дейді Байтанаев.

 

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін республика бойынша 8 664 492 адам вакциналаудан өтті. Екпеден кейін кейбір реакциялар болған. Бірақ ауыр жағдайлар тіркелген жоқ.

 

"Сондай-ақ, Қазақстандағы вакциналау шаралары чип салуды көздемейді. КВИ-ге қарсы вакциналау мен 5G-дің арасында ешқандай байланыс жоқ", - деп атап көрсетті Байтанаев.

 

Комитет мамандары халықты ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды. Ал жалған ақпарат тарататындарға қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды. Ондай әрекет үшін 1 000 айлық есептік көрсеткіш (2 917 000 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бір жылға дейін бас бостандығын шектеу, я болмаса, осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

 

 

 

 




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 21:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31