Денсаулық

Денсаулық сақтау министрі: халық дәріні тегін алатын болады

  • © novostipmr.com

    © novostipmr.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов рецепт бойынша дәрінің тегін берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан тілшісі.


Министрдің айтуынша, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында балаларға рецепт бойынша жазып берген дәріні тегін таратуға мүмкіндік болады. Ал екі жылдан кейін бұл жаңашылдық науқастардың бәріне қатысты болады.


"Тұрмысы төмен азаматтарды сақтандыру шаралары мемлекет есебінен жүргізілетіні белгілі. Сондықтан осы санаттағы адамдар да дәрі-дәрмекті тегін алатын болады. Негізі, медициналық сақтандыру аясында дәрігердің жазып берген ем-домын тегін беру - бұл халықаралық тәжірибе", - деді Біртанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.


Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қазақстандықтар жалпы сомасы 300 миллиард теңгенің дәрісін рецепт бойынша дәріханадан сатып алады. Осы соманың тек үштен бір бөлігі ғана тегін беріліп келген. Ал медициналық сақтандырудың арқасында барлық дәріні ақысыз таратуға болады.


"Біз медициналық сақтандыру аясындағы жинақ есебінен рецепт бойынша жазылатын барлық дәріні тегін тарата аламыз. Былайша айтқанда, халық дәріні өз ақшасына алмайтын болады. Барлығы медициналық сақтандыру есебінен өтеледі ", - деді Біртанов.


 




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 09:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31