Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі есепке алынбаған 50 ана өлімін анықтады

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2015-2017 жылдары Қазақстанда ана өлімінің есепке алынбаған 50 фактісі анықталғанын айтты.


«2015, 2016, 2017 жылдары ана өлімі бойынша есепке алынбаған 50 оқиға анықталды. Ақпараттық жүйелердің арқасында қазір әйелдің туған кезі мен қайтыс болған кезі анық көрінеді. Осы жағдайлар бойынша мерзімі сәйкес келе ме деп еліміздің және шетелдік жетекші сарапшылармен бірлесіп зерттеу жүргіздік. Бұл жағдайлар расталып, тіркелді. Сәйкесінше, барлық индикаторларды біздің ресми құжаттарымызға қостық», – деді Біртанов.


Министр ана мен бала өлімінің нақты статистикасын алу үшін бұл салада толық цифрландыруды енгізу қажет екенін айтты. Сонда ғана мұндай фактілерді жасыру мүмкін болмайды.


«Осыған қол жеткізілсе іс жүзінде жасыру қиын болады. Себебі өлім мен босану күндері сәйкес келгенде, біз автоматты түрде тергеу жүргіземіз. Бұрын жасырып, басқа диагноз жазуға болатын», - деді ведомство басшысы.


Біртанов ана мен бала өліміне аймақтық ауруханалар мен емханаларда медициналық жабдықтау мен кадрлардың жетіспеушілігі себеп болып отырғанын атап көрсетті. Оның сөзінше, анестезиологтар мен реаниматологтардың тапшылығы – 50%, гинекологтардың тапшылығы – 30% құрап отыр. Осы мәселені шешу үшін биылдан бастап мемлекеттік грант бойынша оқыған ЖОО түлектеріне аймақтарға міндетті бөлу және еңбекпен өтеу енгізілді. Қазірдің өзінде түлектердің 72% ауылдық жерлердегі ауруханалар мен емханаларға бөлінген.


BAQ.KZ


 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 16:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30