Диетолог инфаркт қаупін азайтатын өнімдерді атады

19 қаңтар 2022, 10:00

Диетолог-нутрициолог жүрек-тамыр жүйесі үшін пайдалы өнімдер туралы айтты. «Жүрек-қан тамырлары аурулары өлімге әкелетін себептердің үштігінде. Сондықтан қан тамырларының денсаулығын сақтау, қан қысымын бақылау және холестерин деңгейін бақылау өте маңызды. Қан тамырларын нығайту үшін С дәрумені көмектеседі, ол итмұрын, тұздалған қырыққабат, қарақат және кивиде көп кездеседі», — деді ол.

Сондай-ақ сарапшы қан тамырларының саулығына Омега-3 май қышқылдары ықпал ететінін айтты.

«Аптасына кемінде үш рет қызыл балықты, сондай-ақ зығыр тұқымдары мен жаңғақтарды пайдаланыңыз. Сүйектен дайындалған сорпалардағы коллаген қан тамырлары қабырғаларының құрылымдық элементі болып табылады. Көбінесе тамыр жүйесінің әлсіздігі оның жетіспеушілігімен байланысты. Жаңғақтар мен тұқымдардағы магний қан қысымының қалыпты деңгейін сақтайды, өйткені ол стресті азайтуға қабілетті», – деп кеңес берді диетолог.

Маман қорытынды сөзінде жүрек-қан тамырлары денсаулығына тікелей әсер ететін жоғары холестеринді азайту үшін күнделікті шикі пияз мен сарымсақты жеу керектігін ескертті. Және бұршақ, ірі тартылған нанда кездесетін В тобының витаминдері аса қажет екенін де атап өтті.

24.kz