Денсаулық

ДСМ-нің өкілі Қазақстанда қандай дәрігерлердің жалақысы көтерілетінін айтты

  • ДСМ-нің өкілі Қазақстанда қандай дәрігерлердің жалақысы көтерілетінін айтты

    ДСМ-нің өкілі Қазақстанда қандай дәрігерлердің жалақысы көтерілетінін айтты

Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің жалақысын екі-үш есе көтереді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Qazaqstan телеарнасының эфирінде Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

"Біз дәрігерлерге қолдау көрсетуіміз керек. Олар қазір алдыңғы қатарда тұр. Жұқпалы аурулар ауруханаларында жұмыс істейтін инфекционистер, жедел дәрігерлер, медбикелер, ауруханалардың дәрігерлері. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тікелей тапсырмасы бойынша осы кезеңде қолдау бағдарламасы аясында жалақыны екі-үш есе көтеру қажет – бұл инфекциямен күресте жұмыс істеп жүргендерге ғана", - деді Диас Ахметшәріп.

 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте еліміздің медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегіне назар аударып, оларға алғыс білдіріп, еңбекақы мен сыйлықтарды толық көлемде уақытылы төлеудің маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 52 адамға жетті. Оның ішінде Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам.

 

 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 10:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30