Денсаулық

ДСМ вакцинацияға ерікті түрде келісім беру туралы тармақты түсіндірді

  • ДСМ вакцинацияға ерікті түрде келісім беру туралы тармақты түсіндірді

    ДСМ вакцинацияға ерікті түрде келісім беру туралы тармақты түсіндірді

Қазнетте COVID-19-ға қарсы вакцина алмас бұрын қол қойылатын келісімге қатысты қызу талқылау жүріп жатыр. Олардың айтуынша, құжат дәрілердің сапасына ешкім жауап бермейтіндіктен қажет. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар коронавирусқа қарсы вакциналар туралы ерікті келісімге қол қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық білдіре бастады.

"Сенім деңгейі өте төмен, себебі олар ерікті екпе салдырғаны үшін құжаттарға қол қоюға мәжбүр, ал егер бірдеңе дұрыс болмай қалса, ешкім жауап бермейді. Мен жыл сайын тұмауға қарсы екпе аламын, бірақ мұндай құжаттарға ешқашан қол қойған емеспін", - деп жазады қолданушылар.
 
Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде кез келген вакцинаны қабылдамас бұрын тиісті тармаққа қол қою қажет екенін айтты.

"Ерікті түрде берілетін ақпараттандырылған келісім коронавирусқа қарсы вакцина алғанда ғана қажет екені туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды. Пациенттер кез келген вакцинаны алмас бұрын құжатқа қол қоюы керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізу қағидалары" қаулысына 2-қосымшада айтылған", - деді министрлік өкілі.
Сонымен қатар, ведомство Қазақстанда қолданылатын COVID-19-ға қарсы вакциналар қауіпсіздігі клиникалық зерттеулер нәтижесінде расталатынын еске салды.




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 00:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31