Дубайдан Алматыға келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды
2021 жылғы 8 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Италия, ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Әзірбайжан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Telegram-каналына сілтеме жасап.
 
1 980 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 751 адам, анықтамасыз 229 ҚР азаматтары келді.
 
Оның ішінде:
 
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына &ndash 10 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен - 746; анықтамасыз - 74;
 
Алматы қаласының әуежайына &ndash 8 рейс, 1 121 жолаушы, анықтамамен - 966, анықтамасыз - 155;
 
Ақтау қаласының әуежайына &ndash 1 рейс, 23 жолаушы анықтамамен келген;
 
Қарағанды қаласының әуежайына &ndash 1 рейс, 16 жолаушы анықтамамен келген.
 
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
 
2021 жылдың 7 қаңтарында анықтамасыз келген 275 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай &ndash Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.